көк шай Негізгі құрамына 500-ге жуық элемент (кальций, фосфор, магний, фтор және т.б.), органикалық қоспалардың 450 түрі (ақуыз, май және т.б.) мен дәрумендердің барлық топтары қосылады; май түзілу кезінде маңызды рөл атқаратын нодреналиннің деңгейін реттейді.
жаужапырақ Зат алмасуды және асқазан сөлінің бөлінуін жақсартады, ауыз қуысынан жағымсыз иіс шығудың себептерін тоқтатуға көмектеседі, зәр жүргізетін қасиеті бар.
қызылмия
тамыры Су-тұз алмасуды реттейді; құрамында организмнің оттегі тапшылығына тұрақтылығын арттыратын және гормоналдық жүйеге оң әсерін тигізететін бейімделгіш зат бар; жүйке жүйесінің жұмысы мен ұйқыны қалпына келтіреді.
қарақат
жапырақтары Иммунитетті күшейтеді, шаршағаннан кейін күш-қуатыңды қалпына келтіреді; мерзімінен бұрын ерте қартаюдың алдын алуға көмектеседі.
Зімбір Құрамында кальций, алюминий, хром,темір, магний, никотин қышқылы, фосфор, кремний, калий, С дәрумені бар; ас қорыту процесі мен асқазан сөлінің түзілуін ынталандырады; зат алмасуды табиғи түрде жылдамдатады.
итмұрын
жемістері Қабынуға қарсы қолданылады, аса күшті зәр жүргізуші және өт айдаушы болып табылады, асқазан-ішек жолдарының қызметін жақсартады және ешуақытта бүйрек тіндеріне кері әсерін тигізбейді. Итмұрын құрамындағы С дәрумені организмде жүретін қышқылдық-қалыптық реакциялардың басым бөлігіне оң ықпал етеді.
аққайың жапырақтары Зат алмасуды, ас қорыту жолдарының қызметін реттейді, организмнен улы заттарды шығаруға ықпал етеді; қуық қалбыршағы мен бүйректің, тоқ ішек пен асқазан ойық жарасының, өт айдау жолдары мен бауырдың, несеп қышқылды диатез, бүйрек пен жүректің ісінуі кезіндегі қабынуды азайтады.
құс оты Құс оты бүйрек пен өт қабындағы тастарды ерітіп, құмды айдап шығарады, организмдегі алмасу процестерін жақсартады; қан қысымын азайтады.
жолжелкен
жапырақтары Асқазанның сөл бөлу қызметі мен организмдегі холестерин алмасуына оң ықпалын тигізеді; ойық жараға қарсы құрал болып саналады.
түймедақ
гүлдері Асқазан шырышты қабығының жедел және созылмалы қабынуына қарсы емдеудің таптырмайтын құралы болып саналады; қабыну мен сезімталдылықты жылдам басуға қабілетті; ішектің түйілуімен ойдағыдай күреседі; өт қабы мен оның жолдарының қызметтерін дұрыс ынталандыруды қалыптастырады.

Yoga

DeTox тазартқыш фитошайы
  • Улы заттар мен шлактарды шығарады
     
  • Көңіл хошыңды көтеріп, тәтті ұйқы сыйлайды
     
  • Организмнің тазару процес-
    теріне жасуша деңгейінде
    ықпал етеді.