Галина Петровна Павелковская — фармацевтикалық ғылымдардың докторы, профессор. Фармакология, фитотерапия, гомеопатия маманы. 250-ден астан ғылыми еңбектер мен 80-нен астам айрықша емдеу-профилактикалық құралдардың авторы.

Адам денсаулығы бірыңғай жүйе болғандықтан, кешенді түрде қамтуды талап етеді. Зерттеу жұмыстарымызда жаңалықтарға, дәстүрлі және халықтық медицинаның тәжірибелеріне, сонымен қатар ең соңғы заманауи ғылыми жетістіктерге сүйенеміз. Ең үздік диетолог-натуропаттардың бионтологиялық әдістемелерін пайдалана отырып, шөптен жасалатын шайлардың бірегей рецептурасын жасадық. Ол адам организміне толықтай оң әсер етуімен қатар, зақымдалған теңгерімдерді қалпына келтіруге, түрлі кідірістердің себептерін жоюға және организмнің осындай қиындықтарға келешекте кез болмауына оң ықпалын тигізеді.

Келеңсіз экологиялық жағдайлар, тұрақты күйзелістер мен жағымсыз әдеттер, қазіргі өркениетті заманның өзінде әртүлі аурулардың көптеп пайда болуына себепші болуда. Қоршаған ортаның ксенобиотиктерге толы болуының салдарынан, қазіргі заманның адамы дәрумендерді, минералдарды және басқа да қажетті биокомпоненттерді қабылдау мен сіңіруде өте зор қиындықтарға тап келуде. Қазіргі уақытта экологияның нашарлығынан, организмнің толыққанды жұмыс істеуіне орасан зор қауіп төнуде. Организмнің қышқылдық-сілтілік теңгерімі мен детоксикациясын реттеудің міндетті компоненттерінің бірі, экологиялық тұрғыдан таза дәрілік өсімдіктерден жасалатын шөпті шайлар дайындау болып табылады. Шөптен жасалған шайлар — бұл түрлі аурулардың алдын алу мен психофизикалық теңдігін қалпына келтірудің тексеруден өткен тәсілі.

Көп жылдар бойы жүргізілген зерттеулер мен әрбір өсімдіктің дәрілік қасиеттерін жақсы білу, бізге консерванттарды, бояғыштарды және жасанды хош иістендіргіштерді қоспай-ақ элиталық шөптік шайлар жасап шығаруға мүмкіндік берді.

Әлемдік философияның негізгі қағидаларына сүйене отырып, біз тек қана табиғи ингредиенттерді қолданамыз. Коллекцияларымыздағы өсімдіктердің барлығы тек қана экологиялық тұрғыдан таза Қазақстанның тау баурайлары мен таулы аймақтарынан жиналған.

Олардың сапасы көп сатылы тәуелсіз тексеруден өтеді. Олардың арасында
органолептикалық, биохимиялық, микробиологиялық және радиологиялық сараптамалар бар. Фито шай рецептураларының арасында улы және қауіпті өсімдіктер жоқ болғандықтан, олардың жанамалы жағымсыз әрекеттері де жоқ. Біз жасайтын фитошайлардың тағы бір артықшылығы — жинақтала келе олардың адам организміне әсер ететін шипалық қасиеттері арта түседі.

Виктория Момынбаева — «Миссис Қазақстан», бизнесмен әйел, еліміздегі ең сұлу келіншек, алты баланың анасы.

Жас, көрікті, сымбатты және сұлу болғысы келмейтін әйел бар ма? Олардың асыл арманы осы ғой. Алайда елдің бәрі бірдей аңсаған армандарын іске асыру үшін, уақыттарын құрбан етуге, күш қуатттарын жұмсауға дайын емес. Шіркін-ай, қалауыңнан бас тартпай, айталық, тәтті тортты ойланбастан тойғаныңша жейтін, осылайша өмірдің рахатын көретін күндерге жететін заман туар ма екен?!

Өзім сәт сайын калория мөлшерін есептемей, жанталаса жаттығу жасамай, диетаны ұстамай, сымбатымды сақтауға әсер ететін сыйқырлы заттың табыларына сенетінмін. Олай болмайды, мүмкін емес дейтін шығарсыздар! Алайда, мен оны таптым!

Менен сұхбат алған кезде ең жиі қойылатын қандай сұрақ екенін білесіздер ме? Ол: «Алты бала тусаңызда, тал шыбықтай қалпыңызды қалай сақтап қалдыңыз?», — деген сұрақ. Тағы бір көп қойылатыны: «Дамыл таппайтын алты баланың анасы болу қиын шығар, оларға ие болу үшін күш-қуатты қайдан аласыз?», — деген сұрақ. Әу баста оның бәрі тек қана ата тегімізден бастау алған деуші едім. Ал, қазір сырт кейпімнің, көркімнің сақталу сыры басқа да екенін енді ғана түсіндім.

Ас мәзірімді, өмір сүру салтымды сараптай келе, бұған дейін аса көп мән бермеген, өте маңызды ерекшелік бар екенін байқадым. Әжем, бала кезімнен дәстүрлі қара шайдың орнына күн сайын шөптен жасалған тұнбалар ішуді үйреткен еді. Бұл тек қана қалыптасқан дәстүр емес. Менің әжем жиырма сегіз жыл бойы учаскелік педиатр қызметін атқарған. Өз жұмысында, «кез келген аруды емдеуден гөрі, алдын алу жеңіл» деген қағиданы ұстанғандықтан, әрдайым превентивтік медицинаға артықшылық беретін. Ал, оңтайлы дайындалған шөп тұнбалары, туындаған барлық сұрақтарды дер кезінде шешетін.

Әжем ең үздік дәрігер — табиғаттың өзі, ал өсімдіктің табиғи қышқыл дәмі кез келген ауруға ем деуші еді. Ең бастысы — құрамын дұрыс таңдау. Әжемнің сөзін ғылым да растап отыр. Мысалы, жақында ғана безгекке қарсы жусан негізінде жаңа вакцина жасап шығарушыларға Нобель сыйлығы берілді.

Тағы бір мысал. Бір жолы, Флоренцияда саяхаттап жүргенімде, есімдері елге әйгілі Медич пен Сфорц әулеттерінің үйлерінде әртүрлі амфора мен құмыралардың өте көп екеніне назар аудардым. Жолбасшыдан олар қандай мақсатта қолданылғанын сұрап едім, қайта Өркендеу дәуірінде Флоренция тұрғындары шөп тұнбаларын тұрақты түрде қолданған деп жауап берді. Италияның осы бөлігінде дәріханалар саны жан басына шаққанда өте көп болған және шөппен емдеу кеңінен дамыған. Дәрілік шөптерді күнделікті ас мәзірінде қолданған. Бұл өңірде ұзақ жасаушылар көп, аты әйгілі Леонардо мен Микеланджелоны еске түсіруге болады.

Заманауи медицинаның жетістіктерін жоққа шығармаймыз, дегенмен, әлі де болса көптеген ауруларды емдеуге қауқарсыз екенін мойындау керек. Дәрігерлер жарнамадан ақша аямайтын фармацевтикалық корпорациялардың пайдасыз дәрі-дәрмектерін емделушілерге жиі-жиі жазып береді. Ал, дәрілік өсімдіктер мен табиғаттың өзге де сыйлары жарнаманы қажет етпейді.

Бір өкініштісі, қазіргі таңда, бір де бір таблетка, артық салмақ пен үнемі шаршап жүру мәселелерін шешуге көмектеспейді немесе РН сілті теңгерімінің жағдайына тәуелді организмнің табиғи балансын қалпына келтіруге ықпал ете алмайды. Жақында жүргізілген зерттеу жұмыстары, аурулардың басым бөлігі ағзаның қышқылды РН өнімдерінің жинақталуынан пайда болатынын көрсетті. Зиянды тағамдардың қатарына елдің көбі сүйіп жейтін фастфудпен қоса, күн сайын тұтынатын дәстүрлі қара шай мен кофе де кіреді. Мысалы, ең негізгі табысы сыртқы келбеті болып саналатын Голливуд жұлдыздарының арасында сілтілі диетаның кең өріс алуы тегін емес. Осы диетаны мансұқ етушілер арасынан Эль Макферсон мен Виктория Бекхемді және т. б. кездестеруге болады.

Ал шөптен жасалған шай — организмдегі сілті балансын қалпына келтірудің ең басты тәсілі. Алайда, таңдау жасарда мұқият болу керек: нарықтағы фитошайлардың басым бөлігінің негізгі кемшілігі, құрамында хош иістендіргіштер мен дәмдік қоспалар бар. Арықтауға арналған шөп өнімдерінің екінші кемшілігі — іш жүргізу қасиеті. Бұл тұрмыста ыңғайсыздық туғызумен қатар, ішек жүйесіне зиян келтіреді және уақытша ғана тиімділікке кепілдік береді, әрі ағзадағы сұйықтың азаюы салдарынан салмақ кеміген сияқты жалған сенім пайда болады.

Әжемнің тәрбиесі далаға кеткен жоқ. Тұрақты және ұзақ уақыт ізденудің нәтижесінде, Қазақстан Республикасының жетекші фитотерапевті, академик Галина Петровна Павелковскаяның басшылығымен, біз «Қызыл Май» компаниясының коллекциясы болып табылатын, ең үздік шөп шайларын жасап шығардық. Аталған шөп шайларының басты артықшылығына мұқият жасалған рецептіні, Іле Алатауының экологиялық таза жерінен жиналған шөптер мен оларды жинау мәдениетін және сапасын тексеру үшін көп сатылы сараптама жүргізуді жатқызар едім. Ең бастысы, кездескен жандардың маған таңғала қарағандарын анық сеземін де, өмірімнің әр сәтіне қуанамын.

Botanika. Соңымнан еріңіздер!