«ҚЫЗЫЛМАЙ» кәсіпорыны 1994 жылы құрылды және 20 жылдан астам уақыт бойы терең ғылыми зерттеулер жүргізумен айналысып келеді. Өңірлердегі дәрілік шикізаттарды зерделейді және тек қана табиғи өнімдер мен өздері ойлап шығарған оңтайлы технологиялар бойынша емдеу және аурулардың алдын алу құралдарын жасаумен айналысады. Мысалы, фирма өзі құрылған аз уақыттың ішінде, өндірістік процестерге 20-дан астам технологиялық «ноу-хау» енгізіп үлгерді. Бұл директораттың өндірісті ең жаңа фармацевтикалық талаптарға жақындатуға тырысатынының айқын дәлелі. «ҚЫЗЫЛМАЙ» фирмасы ғылыми зерттеулермен, тек қана табиғи шикізаттан: дәрілік шөптерден, жемістерден, жидектерден, балдан, балауыздан, гүл тозаңдарынан, марал мүйізінен және т. б. дайындалатын бірегей емдік-профилактикалық құралдарды өндірумен және оларды көтерме саудалаумен айналысады.

Өндірісті автоматтандыру мен жетілдіру мақсатында, өндірістік құрал-жабдықтар паркі тұрақты түрде жаңартылып тұрады. «Фирма „ҚЫЗЫЛМАЙ“» ӨК-ның барлық өнімі (олардың саны 100-ге жуық) өндіріске енгізу барысында, А. Н. Сызғанов атындағы хирургиялық ҒЗИ-да, Алматыдағы дәрігерлердің білімін жетілдіретін мемлекеттік институтында, Алматыдағы С. Д. Асфендияров атындағы мемлекеттік медициналық институтында, Ақмола мемлекеттік медициналық академиясында, Ақтөбе мемлекеттік медициналық академиясында және Қарағандыдағы «ҚР ҒБМ „Фитохимия“ ҒӨО» АҚ-да, сондай-ақ, Қазақстанның, Ресейдің, Белоруссияның емханаларында кең ауқымды бағдарламалар бойынша сынақтан өткізіледі.
Ұсынылатын өнімдер мен құралдардың тізімі саналуан, әрі оларға ұқсас тауарлар сирек кездеседі және үлкен-үлкен екі топқа бөлініп ұсынылады: Фармацевтикалық препараттар; Биологиялық белсенді қоспалар.

«Фирма „ҚЫЗЫЛМАЙ“» ӨК өндіретін емдік — профилактикалық құралдар мен табиғи биологиялық белсенді тағамдық қоспалар, біздің тамағымыздың знергетикалық құндылығын қалпына келтіруге көмектеседі, «шлактарды» шығару мен залалсыздандыру арқылы зат алмасу процестерін жақсартады, организмнің әртүрлі қолайсыз факторларға төзімділігін арттырады. Қазіргі таңда, дамыған елдердің барлығында жоғарыда аталған табиғи биоқоспалардың денсаулыққа пайдалы екені дәлелденуімен қатар, оларды елдің бәріне пайдалануға міндеттейді. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: «Фирма „ҚЫЗЫЛМАЙ“» ӨК өнімі — бұл денсаулыққа қамқорлық, себебі біздің фирманың ұраны: «Мейірімді адамдарға — зор денсаулық!».